Үлкен Жаманкөл – Сырдарияның оң жағалық аңғарындағы көл.
Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы, Қоғам ауылының оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 0,5 км2, ұзындығы 1,3 км, ені 150 м. Көл жағалауы негізінен ашық. Кейбір түсында қамыс өседі. Сырдариямен шағын тармақпен жалғасқан. Көл түбі тегіс, құмдақты-лайлы келген.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы