Авиациялық отын — ұшу аппараттары (ұшақтардың, тіқұшақтардың, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың) қозғалтқышының отыны. Поршеньдік қозғалтқыштардың негізгі авиациялық отыны — авиациялық бензин, ал әуе-реактивтік қозғалтқыштар үшін — реактивтік отын. Авиациялық отынның ерекшелігі: термотұрақтылығы, отындық аппаратуралардың тозуын азайтатын, сақтау кезіңде тотықтану реакциясын баяулататын, құйғанда өртену қауіптілігін төмендететін қоспалар косылуы. Авиациялық отын ретінде синтетикалық отындар (мысалы, синтетикалық этил спирті) қолданылуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс