Галереялық ормандар - дала, прерий, саванна мен шөлдің ормансыз кеңістігімен ағатын өзен бойында (жаға- ларында) өскен жайылма ормандарының енсіз өңірі. Типтік галереялық орманға Африка мен Оңтүстік Американың саванналарындағы жаға маңы тропиктік ормандар жатады. Орта Азия мен Қазақстанда Галереялық ормандарды тоғай немесе тоғайлық ормандар деп атайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6 Дереккөздер
Санат:География және геодезия