Киікбай Әбілбайұлы Медеуов (1959 жылы туған, Форт-Шевченко қаласы) – кен инженері.

Өмірбаяны Гурьев политехникалық техникумының «Мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану» факультетін (1983) техник-мұнайшы мамандығы бойынша; В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Мұнай және газ кен орындарын зерттеу және пайдалану» факультетін (1991) тау-кен инженері мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының экономика факультетін (1994) экономист мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң университетінің заң факультетін (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын (1994), Қазақ мемлекеттік заң университетін (2000) бітірген. 1975 – 1993 жылдары «Өзенмұнайгаз» өндіру басқармасында мұнай-газ операторы, мастер, технолог. 1994 – 1996 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің 1-орынбасары. 1996 – 2000 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның ғ2 «Мұнайгазөндіру» басқармасының және ғылыми-тәжірибелік өндірістік басқармаларының бастығы, мұнай өндіру департаментінің директоры болды. 2001 жылдан - «Өзенмұнайгаз» ААҚ мұнай және газ өндіру департаментінің директоры. 2002 жылдан жеке кәсіппен айналысадыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;. 2002 жылдың сәуірінен қарашасына дейін - «Теңге» БК» ЖШС техникалық директоры (Жаңаезен қ.). 2003 жылдан - «Амангенді Газ ЖАҚ бас директорының ендіріс женіндегі орынбасары (Тараз қ.). 2004 жылдан - «Шынжыр» ЖШС техникалық директоры (Ақтау қ.). *2005 жылдан - «Матин» БК» ЖШС бас директорының ендіріс женіндегі орынбасары (Атырау қ.) 2007 жылдан - «КоЖаН» ЖШС бас директоры (Алматы қ.). 2008 жылдың сәуірінен бері - «КоЖаН» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (Алматы қ.)

Марапаттары «Құрмет» орденімен (1999), «Жаңаөзен қаласына 40 жыл», «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл» белгілерімен, «Өзенмұнайгаз» ААҚ құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жеке өмірі Әкесі - Медеуов Әбілбай, марқұм, бұрғышы болып жұмыс істеген. Анасы - Медеуова Бәтен, зейнеткер, үй шаруасымен айналысады. Үйленген. Жұбайы - Медеуова Гүлжамал, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ МДӨҚБ кадр қызметінің бастығы. Қыздары - Медеуова Баян (1982 ж. т.), Киікбайқызы Әсел (1992 ж. т.), Киікбайқызы Салтанат (1996 ж .т) ұлдары - Медеуов Нұрбек (1984 ж. т.), Әбілбай Жақсылық (2000 ж. т.). Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болжай алмаймын». Хоббиі - саяхатқа шығу, кітап оқу, өлке тарихы. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет, детективтер Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мұнайшылары Санат:Маңғыстау облысы тұлғалары