Әбілбай Бәйтөбетұлы Медеуов (1928, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы – 1992) – еңбек ардагері, бұрғылаушы. 1949 – 1954 жылдары Шевченко ауданы шаруа бөлімінде жылқышы, 1954 – 1958 жылы Құлалы ұжымшарының бригадирі, 1959 – 1984 жылы Түбіжік жерінде, «Өзенмұнайбарлау» экспедициясында, Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғылаушы болды. Еңбек Қызыл Ту (1971), 3-дәрежелі Еңбек даңқы (1976) ордендерімен, «КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі» (1973) белгісімен марапатталған.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; Дереккөздер
Санат:Тұлғалар