Рабинов Александр Абрамович «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 - (1936 ж. т., Әзірбайжан, Баку) – инженер-геолог, геолиялық-минералдық ғылыми кандидаты, Әзірбайжан өнеркәсіп институтын бітірген (1958).

1961 – 67 ж. «Маңғышлақмұнай» бірлестігі геологиялық бөлімінің аға геологы,

1967 – 73 ж. Маңғышлақ геология барлау-тақырыптық партиясының бастығы,

1973 – 96 ж. Қазақ мұнай жобалау ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары болды.

2000 жылдан «Оптимум» ЖШС-нің директоры.Оңтүстік Жетібай кен орнын тұңғыш ашушы. Бірнеше ғылыми еңбектер мен жобалардың авторы. «Кен орнын тұңғыш ашушы» (1988), «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» (2003) төс белгілерімен марапатталған. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007

Дереккөздер

Санат:Геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары Санат:Геологтар Санат:Инженерлер Санат:Бакуде туғандар Санат:1936 жылы туғандар