Қонарбай Оңғалбаев (1870, Адай округі, Бозащы болысы – 1930) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. Орысша өз бетімен сауаттанған. Красноводскіде шекарашылардың кедендік жасағының басшысы болып бірнеше рет медальдармен марапатталған. 1918 ж. Маңғыстауға көшіп келгенде генерал Железнов қызылдарға тілектестігі үшін тұтқынға алып, әскери дала сотына берген Сот қазақтар қолына бақылаулы кепілге беруге үкім шығарады (1919). Кейіннен Иранға қашқан генерал Толетовты Бекдашыға дейін қуған жасақты басқарды. Кеңестік мекемелерде әр түрлі қызметтер (1920 – 1928) атқарды. Тұтқынға алынып, ОГПУ үштігінің үкімімен атылған. Оңғалбаев Маңғыстаудан шыққан бірінші кеденші.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар