Супервидикон – зарядтары шоғырланатын, бейне фотокатодтан нысанаға ауыстырылатын және бейне элементері баяу электрондармен коммутацияланатын электрондық- сәулелік беру құралы. Мұның фото- катодында сәулелік бейне 3—10 кэВ-ге дейін үдемелі жылдамдықпен қозғалатын фотоэлектрондар ағынына айналады. Олардың соққылауы әсерінен нысананың коммутацияланатын бетінде объектінің жарықтылығына сәйкес потенциалдық бедер пайда болады. Қолданылатын нысана материалына қарай оның секон және кремнийкон деген түрлері бар. Супервидиконның инжекциялануы төмен және сезімталдығы жоғары.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6

Дереккөздер

Санат:Электроника