Баужанова Ақмоншақ (24 қыркүйек 1948, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы – 10 ақпан 2026, Ақтау қаласы) — қоғам қайраткері. Гурьев педагогика институтын (1969 ), Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау институтын (1992 ) бітірген. 1969 – 73 ж. Маңғыстау ауданы комсомол к-тінде хатшы, ауданы партия к-ті саяси-ағарту кабинетінің меңгерушісі, 1973 – 90 ж. ауданы партия к-тінде хатшы, 1990 – 92 ж. облысы халық депутаттары кеңесінде жетекші маман, 1992 – 99 ж. облысы әкімшіліктің әлеуметті қоршаған орта мен ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылдан облысы тұрғындарды әлеуметті қамсыздандыру Бас басқармасының басшысы. «Құрмет» (2006) орденімен марапатталған.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
Дереккөздер
Санат:1948 жылы туғандар