АусарыМаңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; – Маңғыстау ауданындағы бұрынғы ауыл орны. Шетпе – Жармыш автомобиль жолы бойында 1931 – 1953 жылдары әуелі серіктестік, Ұшқын ұжымшарының орталығы болды. Тұсындағы Қаратау беткейінде үлкенді-кішілі бұлақтар бар. Адай ревкомының төрағасы Тобанияз Әлниязов төңкерістен бұрын бұлақтардың аяғын бөгеп, тоспа жасатып, соған жиналған суды атызбен тегіс ойға шығарып егін еккен. Оның орындарын халық осы күнге дейін «Тобанияз жармасы» деп атайды. Аусарының шығыс жағында 3 км жерде «Қарадиірмен» деп аталатын бөлек оқшау төрткіл бар. Оның түбіндегі тас көмірді жергілікті ұсталар ашық шахта әдісімен алып, қажетіне жаратып келеді. Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Аусары · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.