Дала ешкіемері () – кесірткелердің бір түрі, тұрқы 11 – 12 см, салмағы 35 г-дай, арқа қабыршақтары біркелкі, құйрық қабыршақтары қиғаш орналасқан. Арқа жағы сұрғылт не сарғылт сұр, бауыры ақ. Ауа температурасына немесе жүйкесінің қозуына байланысты түсі құбылып тұрады. Шөл және шөлейт жерлерде кеміргіштердің және басқа омыртқалылардың інінде тіршілік етеді. Секіруге де, өрмелеп жүруге де бейім. Екінші жылы жыныстық жағынан жетіледі. Бір маусымда аналығы 3 рет 4 – 18 жұмыртқаны 50 – 60 күндей басады.Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Ешкіемерлер