Хадиша Дүйімбаева (1945 жылы туған, Маңғыстау ауданы Ұланақ ауылы) – тігінші. 1961 – 95 жылы Форт-Шевченко қаласындағы халықтың тұрмыстық қажетін өтеу комбинатында тігінші. Дүйімбаева өзінің күндік жоспарын ұнемі асыра орындап отырған. 10 жыл қалалық кеңестің депутаты болған. Еңбек Қызыл Ту(1976) орденімен марапатталған.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар
Санат:1945 жылы туғандар