Жоламан Бошалақ(1943 жылы туған, Атырау облысы Ембі ауданы Тұрғызба ауылы) – журналист, ақын. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1971) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Шевченко (қазіргі Ақтау қаласы) қаласындағы Маңғыстау облысы телевизиясында аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор (1971 – 79). Маңғыстау облысы «Коммунистік жол» газетінде бөлім меңгерушісі (1981 – 84). Мұнайлы ауданы «Мұнайлы жаңалығы» газетінің редакторы (1984 – 89). Маңғыстау облысы телерадиокомпаниясының бас редакторы, төрағаның орынбасары, телестудия директоры (1990 – 94). Облыс әкімінің баспасөз хатшысы (1994 – 95). «Маңғыстау» облысы газетінің бас редакторы (1995 – 2002) Маңғыстау облысы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі (2002 жылдан) болып жауапты қызмет атқарады. Бошалақ «Қарлығаш» атты кітаптың (1981) авторы. Оның маңғыстаулық еңбек озаттары жайындағы очерктері «Асқан асу» (1980) мен «Уақыттан озғандар» (1981) жинақтарына енген. КСРО телерадио үздігі (1991). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығы лауреаты (2000). ҚР Ақпарат, мәдениет және спорт министернің Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар