Жалау Байболұлы Қазиев (1937, Маңғыстау ауданы, Сығынды ауылы (қазіргі Сайын Шапағатов ауылы) – 1997, Ақшұқыр (қазіргі Сайын Шапағатов ауылы)) – педагог, халықтық педагогика әдістерін алғаш қолданушылардың бірі. Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1986).

Өмірбаяны Гурьев (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті) мұғалімдер институттын (1956) бітірген. Орал педагогикалық институтын бітірген (1964). 1959 – 72 жылы Ералиев атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі 1972 – 75 жылы Форт-Шевченко қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі 1975 жылдан Ералиев атындағы орта мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болды.

Марапаттары Н.К. Крупская атындағы сыйлықтың иегері Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бүкілодақтық халыққа білім беру қызметкерлері 2-съезінің делегаты.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007

Дереккөздер

Санат:1937 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:1997 жылы қайтыс болғандар Санат:Маңғыстау ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкерлері Санат:Атырау мемлекеттік университеті түлектері Санат:Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері Санат:Н.К.Крупская атындағы РКФСР мемлекеттік сыйлығығының иегерлері