Депутаттық сауал - депутаттың мемлекеттік басқару органдарына немесе лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты мәселелерге түсініктеме беруін талап ететін жолдау. Депутаттық сауал жазбаша түрде қойылуы мүмкін. Ол палаталардың бірлескен немесе жабық отырыстарында жария етіледі. Депутат өзі сауал жолдайтын лауазымды басшының аты-жөнін және одан күтетін жауабының жалпы нысанын (ауызша не жазбаша) көрсетуге міндетті. Тиісті басшы депутаттық сауалды алған күннен бастап 1 ай ішінде Парламенттің немесе оның палаталарының жалпы отырысында жауап қайтаруы керек. Депутаттық сауал мен оған қайтарылған ресми жауап мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Тағы қараныз Депутат Парламент Мәжіліс Сенат Президент Депутатқа ешкімнің тиіспеу құқығы
Дереккөздер
Санат:Саясат Санат:Сауал
en:Interpellation (politics) fa:استیضاح