Күнгей Каспий немесе Каспий сырты облысы – аймақтық-әкімшілік бөлініс. thumb|right|200px|Әкімшілік бірліктің картасы
Тарихы Облыс Ресей империясының құрамында 31 желтоқсанда 1890 жылы құрылған.
Географиясы thumb|255px|left|Красноводск қаласының қасында орналасқан таулар (Ашық хат, 1917)
Жер аумағы 535,2 мың км².
Солтүстігінде Орал облысымен, шығысында Хиуа және Бұхар хандықтарымен, оңтүстігінде Ауғанстанмен және Иранмен, батысында Каспий теңізімен шектеседі. Толық сипаттамасы 1896 ж. шығарылған Бас штаб подполковнигі Кияшко еңбегінде берілген.
Облыс жер аумағы жөнінен Ресей империясы губерниялары мен облыстары арасында 10, далалық және ортаазиялық иелігі арасында 1-орынды алады.
Халқы thumb|255px|left|Қарақол ауылы (1913)
Облыс тұрғындары негізінен түрікмендер, көпшілігі адай руына жататын қазақтар, ирандық әзербайжандар, орыстар, армяндар, өзбектер, тәжіктер, т.б. болды. 1912 ж. статистикалық есеп бойынша барлық тұрғын саны 482,0 мың.
Әкімшілік бөлінісі Облыс Маңғыстау, Красноводск (Түрікменбашы), Ашхабад, Тежен, Мары уездері сияқты 5 әкімшілік бөлікке бөлінген. Облыс орт. – Ашғабад қаласы.
Маңғыстау уезі (кейіннен Адай уезі) және 1890 – 1920 жылдар аралығында Каспий сырты облысына қарады.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;Атлас Азиатской России, СПб., 1914; Обзор Закаспийской области за 1911 г., Асхабад, 1916
Елтаңба сипаттамасы thumb|155px|left|Облыс елтаңбасы ресми суреттемемен (1890)
Гербтің шетінде алтын жалатылған жалтыр қалқан бетінде тырнағы жоқ, көзі от шашқан, тілі сала құлаш, алдыңғы оң бақайынан адырнасы үзілген, алтын садақ ұстап тұрған барыстың күміс бедері. Қалқан үстінде патша тәжі, Александр лентасымен ораулы алтындаған емен жапырақтарымен көмкерулі.
Дереккөздер
Санат:Ресей империясы облыстары