Рамалық антенна — рама түріндегі бір орамнан немесе бір-біріне параллель жазықтықтарда орналасқан бірнеше орамнан тұратын антенна. Рама периметрінің ұзындығы толқын ұзындығынан айтарлықтай қысқа. Радиопеленгаторларда, радиокомпас ретінде де қолданылады. Мұндай антенналардан синфазалы күрделі антенна жасап, теледидар бағдарламасын өте алыстан қабылдауға болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника