Теледидарлық қабылдағыш (, ) — теледидарлық хабарларды қабылдауға арналған қабылдағыш. Телеорталықтар тарататын радиотолқынды арнайы қабылдағыш арқылы қабылдап, күшейтеді, одан әрі жалпы сигналдан бейнесигнал және дыбыс сигналы ажыратылады. Детекторленгеннен кейін бейнесигнал кинескопқа, дыбыс сигналы қатты сөйлегішке беріледі. Уақыт талабына сай теледидарлар сапа және дизайн тұрғысынан тоқтаусыз жетілдірілу үстінде.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника