Басшы Айжанақұлы Әзірханов (1 қыркүйек 1954 жылы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында – 22 тамыз 2021 жылы) — мемлекет және қоғам қайраткері, еңбек ардагері. Саяси ғылымдарының кандидаты (2002). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Толығырақ Гурьев ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша; Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1978) қатынас жолдарының инженері, электрик мамандығы бойынша; Орталық Азия университетінің заң факультетін (2001) заңгөр мамандығы бойынша; Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Ғылыми жұмысы 2002 жылы Саяси ғылымдарының кандидаты Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Орта тапты қалыптастыру бойынша Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтары». «Бейнеу» (2002) «Орта тапты қалыптастырған он жыл» (2002) «Дінім менің - Ислам» (2006) кітаптарының авторы.
Еңбек жолы 1972 жылдан - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының «Маңғыстау» кеңшарында жұмысшы. 1973 жылдан - Алматы темір жол көлігінің инженерлері институтының студенті. 1978 жылдан - Маңғышлақ облысы Бейнеу желілік ауданының электрмеханигі. 1979 жылдан - Маңғышлақ облысы Бейнеу аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі. 1980 жылдан - екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1983 жылдан - Маңғышлақ облысы Бейнеу теміржол торабы партия комитетінің хатшысы. 1989 жылдан - Гурьев облысы Бейнеу аудандық партия комитетінің хатшысы. 1990 жылдан - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық әкімшілігінің басшысы. 1995 - 2017 жылдары Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімі 2017 жылдан құрметті еңбек демалысында.
Марапаттары 1998 — "Астана" медалі 1999 — Ерен еңбегі үшін медалі 2001 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі 2004 — «Қазақстан темір жолына 100 жыл» медалі 2004 — «Қазақстан мұнайына 100 жыл» алтын медалі 2004 — «Тыңға 50 жыл» медалі 2005 — ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды 2005 — «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі 2006 — «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалі 2006 — ҚР Мәдениет қайраткері (құрметті атағы) 2008 — "Астанаға 10 жыл" медалі 2011 — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі 2015 — «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі 2015 — "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" медалі 2017 — ҚР Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды ҚР Денсаулық сақтау ісінің Үздігі ҚР Білім беру ісінің Үздігі ҚР Еңбек ардагері құрметті төсбелгісімен марапатталған Әскери атағы - запастағы полковник.
Отбасы Әкесі - Айжанақов Әзірхан (1915-1989). Анасы - Жұбанова Жұма (1926-2002). Үйленген. Жұбайы - Әзірханова Құралай (1954 ж.т.), үй шаруасында. Қыздары - Әзірханова Кәмшат (1979 ж.т.) - «Агния» ЖШС бухгалтері, Әзірханова Гүлшат (1985 ж.т.) - Іле ОАА УДЗ дәрігері; Ұлдары - Әзірханов Бекзат (1981 ж.т.) - Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі бастығының орынбасары; Әзірханов Шапағат (1989 ж.т.) - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1 қыркүйекте туғандар Санат:Атырау ауылшаруашылық техникумы түлектері Санат:Алматы теміржол көлігінің инженерлері институты түлектері Санат:Орталық Азия университеті түлектері Санат:Қазақ автомобиль-жол университеті түлектері Санат:Саясат ғылымдарының кандидаттары Санат:Бейнеу аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағалары Санат:Бейнеу ауданының әкімдері Санат:Қазақстан темір жолына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан мұнайына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан полковниктері