Гийас ад-Дин әл-Женди, Гийас ад-Дин Әбу-л-Мадж Мухаммад ибн ол-Хасан ибн Ибраһим (туған, өлген жылы белгісіз, Жент қаласы) — ақын.

Алғашқы білімін Жентте алған. Сонан соң Хорезм өлкесінің бас шаһары Үргеніште (Джурджанда) білімін толықтырған. Әдебиет пен тарих, тіл мен фиқһ секілді ғылым салаларын терең меңгерген Гийас ад-Дин әл-Женди кейін туған қаласына қайта оралған. Ол оқымысты ақындар санатына жақын болған. Ибн әл-Фуати оны "тамаша ақындардың бірі еді, өлеңдері де ғажайып" деп келіп, деген жыр үзіндісін келтіреді.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Жентте туғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Үргеніш тұлғалары