Аймақтық теория(Зональная теория) — кристалл ішіндегі электрондар қозғалысын сипаттайтын кванттық теория. Осы теорияға сәйкес электрондардың энергетикалық спектрі кезекпен орналасқан рұқсатты және рұқсат етілмеген энергетикалық аймақтардан (жолактардан) тұрады. Аймақтық теория нәтижелері қатты денелердің көптеген маңызды заңдылықтары мен қасиеттерінің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді; металдар, шалаөткізгіштер және диэлектриктер физикасын дамытудың негізін қалады. Аймақтық теория негізін неміс физигі Ф. Блох (1928 ж.) және француз физигі Л. Бриллюэн (1930 ж.) жасаған.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника