Балтабай Әбдіраманов (1923-1995), Әуезовтің кейіпкері. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Созақ» кеншарын 30-40 жылдай басқарған. М. Әуезовке «Өскен өркен» романына енген біраз мағлұмат, деректер берген. Ол туралы ұлы жазушы «Оңтүстік сапарынан» атты очеркінде: «Қаратаудың іші-тысын, бар жерін жақ сы білетін Созақ совхозының агрономы Балтабайға осы өңірдегі Қаратаудың Кентауға шейін кездесетін көріністерін айтқызып ек, ол санаған жер аттары өзі бір шежіредей. Бүл жолда кезігетіндер: Көктөбе, Ақтөбе, Ақназар, Сынаның сазы, Қызтөккен (бір қыз, жігіттің өлімін баяндайтын аңызбен байланысты жер), содан әрі Балықшы әулие, Бөкенбай әулие, Құлметей әулие (аттарына қарағанда, бір дәуірде Қаратауды кернеген ишан-перілердің, қожа-молдалардың қарапайым қазақтан да қас әулиелер жасап жүргендігін танытады), тағы да жолдағы жерлер аттарын атасақ: Бәжінің белі, Жамантас, Мүзбел, Қоғашық өзені, Көксарай (Қойтас) боп саналады да, содан әрі қарай Түркістан ауданына кететін еңіс, бөктер басталады» деп суреттеген.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
Дереккөздер