Жан-Поль Шарль Эма́р Сартр (; 21 маусым 1905, Париж, Франция — 15 сәуір 1980, Париж, Франция) — француз философы, публицист, романист және драматург.

Биографиясы II дүниежүзілік соғыс кезінде неміс тұтқынында болған, одан оралған соң қарсылық көрсету қозғалысына қатысты. Соғыстан кейін Альберт Камю, Морис Мерло-Понти және Симона де Бовуармен бірге саяси бағытталған "Les Temps Modernes" журналының негізін қалаған.Сартр отаршылдыққа ашық қарсылық көрсеткен. Ол Батыс және Шығыс лагерлерінің арасында бітімнің орнауын қолдады. АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы кезінде ол Бертран Расселмен бірге әскери қылмыстар бойынша ресми емес Трибунал төрағасы болған. Сартр өмірінің соңғы күніне дейін ғаламдық әділеттілікті қорғаушы, сол үшін күресуші ретінде танымал.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Дереккөздер

Санат:Франция философтары Санат:Франция драматургтері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары