Гемолимфа (haemolympha; грек. haima — қан, лат. lympha — лимфа) — көптеген омыртқасыз жануарлардың (буынаяқтылар, былқылдақденелілер — моллюскалар) тұйықталмаған қанайналым жүйесінде тамырлар мен жасушааралық саңылаулар арқылы үздіксіз ағып жүретін сұйық.
Гемолимфа тұйық қанайналым жүйесі бар адам мен жануарларда (омыртқалылар, кейбір құрттар) қан мен лимфаның қызметтерін атқарады. Ол қан мен лимфа сияқты жасушалардан (пролейкоциттер, фагоциттер, экскреторлық жасушалар және т.б.) және жасушааралық заттан — плазмадан тұрады.
Дереккөздер
Санат:Биоморфология Санат:Биология Санат:Морфология