Сепараттық бейбітшілік - соғысты жалғастырушы одақтастардан бөлек мемлекеттің бітімгершілікке отыруы. Мүндай бітімгершілік әскери-саяси жағдайлардың өзгеруіне немесе мәжбүрліктен (мемлекеттің экономикалық және әскери күшінің әлсіреуі) байланысты жасалуы мүмкін. Сепараттық бейбітшілік қалып-тасқан жағдайларға байланысты теңдік негізде немесе қандай да бір жаққа саяси артықшылықтармен жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда әділетті немесе әділетсіз бітімгершілік туралы айтуға болады. Жалпы Сепараттық бейбітшілік - мемлекетаралық қатынастарға кедергілерді жоюға бағытталған бейбіт саяси сұхбатты жалғастырудың конструктивті негізі. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Дереккөздер

Санат:Саясат