Макс Вебер (; 21 сәуір 1864, Эрфурт — 14 маусым 1920, Мюнхен) — неміс әлеуметтанушысы, әлеуметтік философ, тарихшы. Альфред Вебердің ағасы.

Биографиясы Вебер 1864 жылы 21 сәуірде Эрфурт қаласында дүниеге келген.

1893—1896 жж. Фрайбург университетін, 1896—1898, 1902—1918 жж. Гейдельберг университетін, 1919—1920 жж. Мюнхен университеттерінде дәріс берген. Теориялық әлеуметтану, әлеуметтік дін, саяси әлеуметтану, ұйымдастыру әлеуметіне арналған еңбектері бар.

Ғылыми қызметі Вебер әлеуметтік теориясында себептілік пен «түсіну» біртұтас болу принципіне үлкен мән берген. Вебер алғаш рет капитализм тек батыста протейантизм және кальвинизмнің тарауымен байланысты пайда болды дейді. Вебер бойынша идеалдық тип өмір шындығын бейнелейді. Бұл жалғыз жарым фактілерді жүзеге алу түсінудің құралы. Мазмұны жағынан Вебер идеялары қоғамдық-экономиқалық формациялар туралы маркстік ілімге қарсы бағытталған.

Вебердің «Идеалдық тип» теориясы, тарихи факторлардың «көптігі» концепциясы және «рационалдық» идеясы мемлекеттік институттар қызметінің негізі ретінде қазіргі әлеуметтануға, саясаттануға зор ықпал етті. «Протестанттық этика және капитализмнің рухы» (1904—1905) еңбегінде В. өркендеп келе жатқан капитализм мен XVII ғасырдың протестанттық құндылықтары арасындағы байланысты көрсетеді. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Негізгі еңбектері «Түсіністікті әлеуметтанудың кейбір белгілері жөнінде» (1913); «Әлемдік діндердің шаруашылық этикасы» (1915); «Шаруашылық және қоғам» (1921—1922).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Вебердің кітаптары / Гумер кітапханасы Вебердің кітаптары / Политнаука сайтында

Санат:Неміс социологтары Санат:1864 жылы туғандар Санат:1920 жылы қайтыс болғандар Санат:21 сәуірде туғандар