Өзбекстан Әуе Жолдары () — Өзбекстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы.
Тарихы Кеңес Үкіметінің құлауынан кейін, өзбек президенті Ислам Каримов жылы 1992 мемлекеттік әуе тасымалдаушыны құру туралы жарлық шығарды. Өзбекстан Әуе Жолдары елдің көлік және әуежай инфрақұрылымын дамыту мен жаңарту мақсатымен құрылған болатын. Компанияның халықаралық тасымалдар нарығында мықты орын бекіту де мақсаттардың арасына кірді. Сондықтан компания жасаған ең алғаш рейсі аймақтағы Алматы не Бішкекке емес, Ташкенттен Лондонға орындалды.
Бұрынғы Аэрофлоттың иесінде болған ұшақтар ішкі бағыттарға ұша бастады. Халықаралық бағыттар алдыңғы қаратға шықанда, 1993 жылдан бастап Airbus ұшақтары лизингке алынды. Компанияның халықаралық әуепаркі кәзір Boeing пен Airbus ұшақтарынан құралған.
Өзбекстан Әуе Жолдары 50дей бағыттарға қызмет етеді. Әуе компанияның 11 әуежайы бар. Соның бесеуі халықаралық статусқа ие. Өзбекстан Әуе Жолдары ешқандай альянс пен қауымдастыққа кірмейді. Дегенмен ол SkyTeam Alliance-қа кіру жайында келіссөздер жүргізуде.
Өзбек Әуе Жолдарының басты атқарушы директоры Валерий Николаевич Тян.
Өзбекстан Үкіметі әуе компанияның 49% бөлігін приватизациялауды мақұлдады. Жоспар бойынша стратегиялық шетел инвесторлар табылғаннан кейін, оларға компанияның басқарылуы толығымен берілетін болады.
Ұшу Бағыттары Құрылымынан бері Өзбекстан Әуе Жолдары өзінің приоритеті ретінде Батыс Еуропа мен басқа халықаралық бағыттарға қызмет етуді қолға алды. Халықаралық бағытарға ұшатын рейстердің басым бөлігі Ташкент әуежайы арқылы орындалады.
Код Бөлісу Өзбекстан Әуежолы төмендегі әуе жолдармен код бөлісу шартына отырған: Air Baltic Indian Airlines Korean Air Malaysia Airlines
Әуепаркі Өзбекстан Әуежолдары паркі келесі ұшақтардан тұрады (2009 жылдың маусым айы) + Өзбекстан Әуежолдары әуепаркіҰшақ атауыҰшақсаныТапсырысЖолаушылар(First/Business/Economy)Airbus A300-600RF20Карго (Жүк таситын)Airbus A310-30030192 (12/30/150)Airbus A320-200010Әзірге белгісізAvro RJ853085 (0/15/70)Boeing 757-20060184 (0/26/158)Boeing 767-300ER54207 (10/40/157)264 (0/18/246)Boeing 787-802Әзірге белгісізИлюшин Ил-7640Карго (Жүк таситын)Илюшин Ил-1143054 (0/0/54)Теполев Tu-15450155 (0/53/102)158 (0/18/140)
Түсініктемелер
Сыртқы сілтемелер Өзбекстан Әуе Жолдары ресми сайты Өзбекстан Әуе Жолдары әуепаркі
Санат:Әуе компаниялары Санат:Өзбекстан компаниялары