Мұстапа - Абайдың «Әзім әңгімесі» дастанының кейіпкері, Әзімнің әкесі. Дастанда кәсіп іздеп, дүние көзген Мұстапа Балсура шаһарында суретшілік өнерінің арқасында қаладағы беделді адамдардың біріне айналады. Дастанда Мұстапаның ой-сезімі, мақсат-мұраты, мінез-құлқы жан-жақты ашылған. Ақын шығармасының негізгі нысанасынан ауытқымай, оған баратын жанама тәсіл ретінде қысқа, нақты сюжеттермен Мұстапа өмірінің нақты көзеңдерінен ғана хабар береді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Абай энциклопедиясы