Анна Михайловна Мартова (1902–1957) — суретші. Кескіндеме саласында жұмыс істеген. Ол Абайдың туғанына 100 жыл толуына арнап «Абай портретін» (1945, кенеп, майлы бояу, ҚазССР мемлекеттік орталық музейінің қорында) жазды. Суретші ақын бейнесін 40 жылдардың дәстүрінде дәл беруге күш салған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Дереккөздер

Санат:Суретшілер