Ержанов Мэлс Төленұлы (1931-92) - театр суретшісі, графикші, плакатшы. Кескіндеме саласында жұмыс істеген. Оның «Абай әндері» жазылған күйтабақ үшін конверттер (гуашь, 25 х 25), «Татьянаның хаты» (1971, линогравюра), «Көне Верный» топтамасына енетін «Абай көшесі» (1959, қағаз, картон) жұмыстары бар. «Татьянаның хаты» суретінде қолына кітап ұстаған Абайдың жазу үстелі жанындағы орындықта ойға шомған келбеті бейнеленген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар