Топырақтың ең аз ылғал сыйымдылығы — топырақтың белгілі қабатындағы, оның қатпарсыз табиғи түзіліміндегі және ыза сулардың тежеу әсерінсіз, гравигациялық ылғал толық ағып кеткенде қалған ылғалдың мүмкін болған ең көп мөлшері; ылғалдың сандық көрсеткіші, топырақ бетінен судың ағып өткенінен кейінгі топырақтың гравитациялық ылғалды ұстап қалу қасиеті; пайызбен өлшенеді. Топырақтың тиімді ылғалдылығының жоғарғы шегінің агрономиялық маңызы зор. Топырақтың ең аз ьлғал сыйымдылығы мен өсімдіктердің орнықты солу ылғалдылығы жағдайындағы айырма өсімдіктер үшін ерекше рөл атқарады. Далалық дақылдардың негізгі тамыр жүйесі шоғырланған өңделетін қабаттың ылғал сыйымдылығының маңызы ерекше.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы