Қондыбай Қазыбайұлы (т.-ө. ж. б.) - Абайдың «Қыс» өлеңінде есімі аталады. Уақ елі басшыларының бірі. Қондыбайдың баласы - Орман-Байтоқ Россияға бодан болған. Өз әулетінен тараған ел Қондыбай,- Бура- Найман болысы деп аталған. Ақын қатал қыста малыңды қасқырға алдырмай аман сақта, «Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін» деп, ел шонжарларын тағы да бір қағытып өтеді.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар