Гиполимнион ( — асты, астында, — кішкене көл) — суқоймадағы температуралық секіріс қабатынан және металимнионнан төмен жатқан терең қабаты. Баяу су алмасу мен тереңдеуге байланысты температураның шамалы ғана төмендеуімен сипатталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Гиполимнион — суқой- малардағы температураның секірме — металимнион қабатынан төмен орналасқан су қабаты. Терең көлдерге тән. Бұл қабатга судың температурасы көктемнен бастап күздің соңына дейін аздап көтеріледі де, жыл бойы 4°С-тан аспай аз өзгереді. Қабаттың терендігіне қарай судың алмасуы баяулап, температура сол ғана төмендейді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы