Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауға, Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұғудың алдын алуға және жолын кесуге арналған арнайы қызмет. ҚР ҰҚК ШҚ Шекара органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына кірмейді, Қарулы Күштермен толық ынтымақтаса отырып, Қазақстанды қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды.

Міндеті thumb|right|150px|Шекара қызметі әскери қызметкерлерінің жеңдеріндегі жапсырма Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, оның аумақтық тұтастығын және Мемлекеттік шекарадағы экономикалық мүдделерін күзету және қорғау; Қазақстан Республикасының аумақтық суларын (теңізін) және континенттік қайраңын қорғау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасының сақталуын және Мемлекеттік шекара режимі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу; Шекара аймағындағы азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарына көмек көрсету.

Құрылымы басқару органдары; шекара құрамалары (шекара жасақтары); шекаралық комендатуралар; шекара бекеттері; жеке бақылау-өткізу орынжайлары; авиациялық бөлімдер; теңіз бөлімдері; арнайы бөлімдер; әскери оқу орындары; қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлшектері; Арнайы мақсаттағы басқарма — шекаралық арнайы күштер («жасыл арнайы күш»).

Өңірлік басқарма Бұрын жұмыс істеп тұрған өңірлік басқармалар (бірнеше облыстардың аумағында жұмыс істеген) ҚР ҰҚК ШҚ облыстық аумақтық департаменттерімен ауыстырылды.

Тарихы ҚР Президентінің 1999 ж. 26 маусымдағы Жарлығымен"Қазақстан Республикасының 9лттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күпггерінің қызмегіни жетілдіру жөніндегі кейбір шаралар туралы" ҚР Президентінің 1999 ж. 26 маусымдағы № 165 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). ҚР Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің қайта ұйымдастырылып, ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік шекараларын қорғау күштерін, олардың мүлкі мен істерін қорғау жөніндегі функциялары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілуі нәтижесінде құрылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9 Шекара қызметі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы болып табылады1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ..

Басшылары Ережеге сәйкес Шекара қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры басқарады.

№Аты-жөніБасқарған және басқаруын аяқтаған уақытыЛауазым1Евгений Неверовский18 тамыз 1992 — 23 қазан 1992генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің қолбасшысы — Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары2Болат Зәкиевқазан 1992 — маусым 1997генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерінің қолбасшысы — Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (1992—1995) Қарулы Күштер Шекара әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы (1995—1997)3Тоқтасын Бұзыбаевмаусым 1997 — шілде 1999генерал-майор, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Шекара әскерлерінің қолбасшысы — Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитет төрағасы (1997—1998) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау күштерінің қолбасшысы — Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі комитет төрағасы (1998—1999)4Болат Зәкиевшілде 1999 — мамыр 2008генерал-лейтенант, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры5Болат Қырғызбаевмамыр 2008 — ақпан 2011генерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры6Нұржан Мырзалиевақпан 2011 — 13 маусым 2012генерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры «Арқанкерген» шекара заставасындағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметінен босатылды7Тұрғанбек Стамбеков13 маусым 2012 — 25 желтоқсан 2012полковник, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры м.а. 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңындағы қайғылы ұшақ апатынан қаза тапты8Нұрлан Жоламанов15 қаңтар 2013 — 27 қазан 2014генерал-лейтенант, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша 2014 жылғы 27 қазанда ҚР ҰҚК Ішкі қауіпсіздік басқармасы қамауға алды.9Дархан Ділманов27 қазан 2014 — 5 сәуір 2022генерал-лейтенант, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры 2022 жылғы 22 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы шекара бекеттерінде анықталған өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сотқа дейінгі тергеуі аясында ұсталды. Сол жылы 25 маусымда қамауға алынып, 2023 жылы 25 желтоқсанда төрт жылға сотталды.10Ерлан Алдажұманов5 сәуір 2022 — қазіргі уақытқа дейінгенерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомстволары