Туамоту (), Паумоту (Paumotu) – Тынық мұхиттағы 78 маржанды аралдар мен рифтерден құралатын топарал. Француз Полинезиясының құрамына кіреді. Аумағы (Гамбье аралдарымен бірге) 810 км². Ең ірі аралдары – Рангироа мен Факарава. Климаты – тропиктік пассатты. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 – 2200 мм. Үлкен аралдарында көбінесе – панданустар, баньяндар, кіші аралдарда – бұталар басым өседі. Кокос пальмасы, нан ағашы, банан плантациялары бар. Мал шаруашылығы, балық аулау, меруерт жинау дамыған. Басты қаласы – Ротоава (Факарава аралы). Атолл-Тайяро биосфералық қорыққоры бар. Топаралды 1606 жылы португал теңізшісі П.Кирос ашқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Тынық мұхит аралдары Санат:Туамоту Санат:Аустралия және Океания топаралдары