Бірқалыпсыз қозғалыс — ағынның түрлі қимыл қималары үшін (уақыттың осы сәтінде) жылдамдық эпюрасы әр түрлі болатын сұйықтықтың қозғалысы (ағыны); қимыл қиманың орташа жылдамдығы мен ауданы айнымалы немесе (уақыттың нақты осы сәті үшін) ағын бойында тұрақты болады. Бірқалыпсыз қозғалыс — арна қимасының өзгеруі, арна табаны еңістігінің ұзаруы, арна табанында әр түрлі кедір-бұдыр кедергілердің кездесуіне байланысты туындайды. Бірқалыпсыз қозғалыс призмалық емес арнада тұрақты қозғалыс кезінде орын алады. Призмалық арналарда Бірқалыпсыз қозғалыс тежеу қисығы немесе төмендеу қисығы аймағында орын алуы мүмкін.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы