Сұрау (Опрос; polling) - Қоғамда: сұрақтардын стандартты жүйесін қою арқылы алғашқы мәліметтерді жинау (әлеуметті, психологиялық, педагогикалық және т.б. зерттеулерде қолданылады). Сұрау әдістемелері екі негізгі түрге бөлінеді: сауалнама және сұхбаттасу.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6 Информатикада: 1) енгізу- шығару құрылғыларын басқару тәсілі, мұнда программа кезекпен шалғай құрылғылардың жұмыска дайын екендігін сұрау арқылы біліп, қажет болса, оларға енгізу-шығару операцияларын орындатып отырады; 2) компьютер желілерінде — көп абонент арналар арқылы хост-компьютерге қосылған терминалдар мен шалғай құрылғыларды басқару тәсілі. Желі басқару жүйелері статистикалық мәліметтер жинаған кезде жиі қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Дереккөздер
Санат:Педагогика Санат:Терминология Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника