Жапсаршорлар 1) қарбонатты тау жынысы қабаттары бетінде шағын-шағын көмпиме төмпешіктер жүйесі түрінде, ал осы қабаттардың тік қимасында бір-бірімен дәнекерлене бірегейленген шорлар жүйесі түрінде байқалатын астасу пішіні; 2) аймақтық және жалпы геологияда: "эфилитті белдемдер" деп аталатын құрылымдық-формациялық белдемдердің геологиялық дамуы барысында осы белдемдер созылымына бойлас бағытта сағаланған өте қозғалмалы жарылымдар жүйесі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер
Санат:Геология