Жапсар-анатексистік гранит түзілу — гнейстер, аркоздық құм-тастар, граувактар және баска экзожапсарлық жыныстардың негізді және ультра-негізді құрамды интрузиялардың қыздыру әсерінен 900-1100°С, rH2O-400-500 атм 1—4 км тереңдікке сай келетін төмен литостатикалық қысымда калийдің жоғары жылжымалылығында балқуынан гранитоидтердің пайда болу процесі. Жапсар-анатексистік граниттүзілудің жалпы ерекшеліктері: нашар кристалданғандығы, жоғары температуралы минералдар ассоциациясы кварц-альбитті қүрамы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Геология