нобай|Қара тілшелер нұсқайтын аймақ Каверна — ағзаның ішкі мүшелерінде (көбінесе өкпеде, бүйректе) некроздан пайда болатын қуыстар.
Түрлері Икемді каверна — өз бетімен ыдырауға және тыртықтануға қабілетті шағын өкпелік каверна.
Созылмалы каверна (син.: сіреснелі, фиброздық каверналар) — ыдырауға қабілетсіз, кенересі фиброздық өзгеріске ұшыраған өкпелік каверна.
Ашық каверна — сыртқы ортамен патологиялық процесс барысында табиғи немесе пайда болған өзек арқылы қатынасады.
Секвестрленген каверна — некроздалған тканьдердің шеткі учаскелерінің балқуымен және секвестр түрінде бөліктері бойынша орталық учаскелерге бөлінуімен сипатталатын каверна.
Жедел каверна — ұлпа некрозының жас ошағының орнында пайда болған жүқа жеңіл ыдырайтын өкпелік каверна. Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
Дереккөздер
Санат:Медицина Санат:Пульмонология