нобай|Вулканның атқылауы нобай|Лава нобай|Суасты вулканы Вулканизм (лат. vulcanus — от, жалын) — жалпылама түсінікте: магма және олармен сабақтаса түзілетін газды-булы өнімдердің жер қойнауындағы қозғалыстарын, олардың жер бетіне шығу барысындағы барша процестер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым. Алайда бұл термин нақтылы жанартау атқылауы мен оның фумаролды әрекетінен туындайтын құбылыстардың жиынтығы деген түсінікті шектеулі мағынада да біршама жиі қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

Вулкандық заттар сұйық күйінде Сұйық күйдегі вулкандык, заттар (лавалар) температураға және химиялық құрамының ерекшеліктеріне (ең алдымен кремний тотығының мөлшеріне) қарай қышқыл, орта, негізді және өте негізді (ультранегізді) болып ажыратылады. Олардың қоюлығы мен тұтқырлығы, жылжымалылығы және т. б. физикалық қасиеттері жанартау атқылау процестерінің маңызды көрсеткіштері болып есептеледі. Мысалы, негізгі құрамы темірлі-магнийлі қосындыларға бай болып келетін, ал кремний тотығы аз мөлшерде кездесетін, температурасы жоғары (1200°С) ультранегізді және негізді лавалардың (базальттық және пикриттік) тұтқырлығы аз болғандықтан, олар тез қозғалғыштық қасиетімен сипатталады.

Вулкандық заттар газ күйінде Соған байланысты мұндай лавалар ағыны қатты тасқындар мен жамылғылар құрап, кең аймақты алып жатады. Құрамы қышқыл және орта (липариттік, андезиттік), температур§сы 750—1000°С лавалардың тұтқырлығы жоғары болғандықтан (базальттық лавалармен салыстырғанда), олар баяу қозғалады. Сондықтан мұндай лавалар (кратерден шығысымен-ақ) тез қатайып ұзындығы өте қысқа тасқындар түрінде немесе конус пішінді күмбездер мен мұнаралар құрайды. Вулкандық лавалар қатая келе эффузивтік тау жыныстарын түзеді.

Вулкандық заттар қатты күйінде Қатты күйдегі вулкандық заттар пирокластикалық заттар (грек тілінде “пир” — от, “кластикос” — бөлшектенген деген мағынада) деп аталады. Олар вулкандық қопарылыс кезінде атмосфера қабатына лақтырылған ыстық лаваның кесек бөлшектері мен (ірілі-ұсақты) шаң-тозаңдардан немесе күл-топырақтардан және кратерді құрайтын тау жыныстарының сынық бөлшектерінен құралады. Осындай жолмен пайда болған заттар қабатталып, жинала келе пирокластикалық (кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі.

Вулкандық заттардың өлшеміне қарай бөлінуі Вулкандық күлдер (<0,25 мм) дала шпаттары, авгит, алдамшы мүйізше және вулкандық шыныдан құралған шаң-тозаңдар түрінде кездеседі. Олар ауа қабатына 10 км-ге дейін жоғары көтеріледі. Кейде вулкандық күл атмосфера қабатында конденсациялык, процестерге байланысты су буымен араласып, жер бетіне жаңбыр болып жауады. Жанартаулардың беткейінен құлай аққан вулкандық күл аралас жаңбыр суы (лахари) орасан зор қарқынмен жолында кездескен кедергілерді бұзып-жарып селді тасқын туғызады. Вулкандық күл вулкандық заттардың негізгі құрамын құрайды. Мысалы, Аляскада болған (1912 ж.) вулкан атқылауы кезінде (Кат-май жанартауы) мөлшері 20 км3-дей вулкандық заттар лақтырылғандығы белгілі. Оның 90%-і вулкандық күл түрінде бөлініп шықты. 25 сағ уақыт ішінде вулкандық күл қабатының қалыңдығы 4 м-ге дейін жетеді. Вулкандық күл өте жеңіл болғандықтан шаң-тозаңдар түрінде алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Вулкандық күлдер вулкандық құмдармен аралас кездескен жағдайда, тығыздала келе цементтеліп вулкандық туфтар түрінде түзіледі. Ал вулкандық күл көлдер мен теңіздерге шөгіп, құм мен лай араласқан жағдайда туффиттер түзіледі. Вулкандық құмдар мен күлдер өте құнарлы топырақ қабатын құрайды. Вулкандық құмдар жай көзбен көрінетін ірілі-ұсақты қиыршықтар (0,5 — 2 мм) түрінде кездеседі. Лапиллилер (италья тілінде “лапилли” — ұсақ тастар деген мағынада) вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаваның ірілі-ұсақты (10 — 30 мм) бөлшектерінен құралады. Вулкандық бомбалар көлденең қимасы 5 — 10 см-ден бірнеше метрге дейін жететін ірі кесектер құрайды. Вулкандық кесек бөлшектерінің орын ауыстыру қашықтығы олардың мөлшеріне тығыз байланысты. Егер вулкандық бомбалар мен лапиллилер вулкандық кратерлер-және вулкандық конустар құрайтын болса, ал вулкандық күлдер алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Мысалы, қазіргі кезде сөнген Қавказ вулкандарының күл-топырақтары Воронеж облысының территориясында шөгінді жыныстар арасынан табылғандығы белгілі. Әр түрлі мөлшердегі (ірілі-ұсақты) вулкандық заттар бірігіп, цементтеліп вулкандық брекчия (женттастар) құралады. Атқылау түрлерімен кезеңдері Газ күйіндегі заттар вулкан атқылау барысында орталық кратер, бүйірлік кратерлер және т. б. жарықтар мен жарықшақтар арқылы бөлініп шығады. Олардың негізгі құрамы (60 — 90%) су буынан тұрады. Атмосфера қабатында су буы конденсациялық процестерге байланысты суға айналып, нөсер жаңбыр жауады. Бұл жағдай вулкан атқылау процестерімен қабаттаса жүреді.

Газ күйіндегі вулкандық заттардың құрамында су буынан басқа НS2, SО2, СО, СО2, НСІ, НР, NН4С1, NН3> Н3, Н2ВОз және басқа газдар қоса кездеседі. Олардың құрамы температураның шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 180°С-тан жорары температурада фумаролды газдар (латын тілінде “фума” — түтін деген мағынада) бөлінеді. Олардың кұрамы күрделі (хлорлы-күкіртті-көмірқышқылды) болып келеді. Әсіресе, хлорлы қосындылар басымырақ кездеседі. Фумаролды газдар температураға қарай құрғақ, қышқыл және сілтілі болып ажыратылады

Құрғақ фумаролдар жоғары температурада (500°С) бөлініп натрий, калий, темір және басқа элементтердің хлорлы қосындыларының көптігімен сипатталады. Әдетте, олардың құрамында су болмайды.

Қышқыл фумаролдардық құрамында (құрғақ фума-ролдармен салыстырғанда) су буы болады, сонымен қа-

тар хлорлы сутек және күкіртті ангидрид бірге кездеседі. Олар 300—400°С шамасында бөлінеді.

Сілтілі фумаролдар 180°С шамасында хлорлы аммонийден бөлініп шығып бұзыла келе бос аммиак бөліп шығарады. Кейінірек фумаролды газдар (180—100°С шамасында) сольфатарлы газдармен (италья тілінде “сольфатара” — күкіртті ыс деген мағынада) алмасады. Олардың негізгі құрамы су буынан және күкіртті сутектен (күкіртті фумаролдар) тұрады.

Төменгі температурада (<100°С) көмір қышқыл газдары және су буы бөлініп шығады. Мұндай газдар мофеттер немесе мофетті газдар (көмірқышқылды фумаролдар) деп аталады.

Температурасы жоғары (хлорлы-күкіртті-көмірқышқылды) фумаралды газдар вулкандық атқылау әрекеттерінің өте қарқындылығын, сольфаторлы газдар — орташа қарқындылығын, ал мофетті газдар вулкандық әрекеттердің әлсіздігін сипаттайды.

Магманың құрамында газдардың көптігі оның қатаю жылдамдығын азайтады, ал олардың азаюы (ауа қабатына ұшып кетуіне байланысты) сұйық күйдегі атқылау заттарының (лавалардың) қатаюын тездетеді.

Вулкан түрлері

Вулкан өмірінде лава атқылау кезеңдері, белгілі бір уақыт аралығында үзіліс кезеңдерімен алмасып отырады. Бірақ бұл жағдайларды түсіндіретін белгілі бір заңдылық жоқ. Вулкан атқылау процестерінің қарқынды кезеңдерінің арасындағы үзіліс үш-төрт жылға, немесе ондаған, кейде тіпті жүздеген-мыңдаған жылдарға созылады.

Тарихи ұзақ уақыт бойы қарқынды әрекеттерімен байқалмаған вулкандар сөнген жанартаулар — (мысалы, кавказдық вулкандар — Казбек және Эльбрус) деп аталады. Бірақ оларды сөнген (көне) және сөнбеген (қазіргі кездері мезгіл-мезгіл атқылап тұратын) деп ажырату шартты түрде ғана айтылады. Өйткені сөнген деп саналған жанартаулар күтпеген жағдайда кенеттен жанданып, қайтадан атқылауы мүмкін. Вулкан атқылау құбылысы табиғаттың ең қауіпті құбылыстарының бірі болып саналады. Адамзат тарихында оны дәлелдейтін мысалдар өте көп. Тарихта белгілі Везувий жанартауы біздің эрамыздың 79 жылына дейін тыныштық күйде болған еді. Бұзыла бастаған бір кездегі вулкандық конус беткейлері орманға айналып, ол жерлерде адамдар тұрып жатты.

Ал 79 жылы Везувий жанартауы қайтадан жандана бастайды. Ең алдымен жер сілкініп, содан кейін барып лава атқылайды. Вулкан атқылау барысында көптеген қалалар орасан зор апатқа ұшырайды. Аттары аңызға айналған Италья қалалары (Помпея, Геркуланум және Стабия) вулкандық бомбалармен бомбыланып, лава тасқынымен түгелдей қирап, қалыңдығы 8 м-лік вулкандық күл-топырақ астына көміледі. Аты шулы бұл апат кезін-де отыз мыңдай адам қаза болғаны тарихтан мәлім. Кейінірек, Везувий жанартауының вулкандық әрекеттері 1631, 1794, 1872, 1906 және 1944 жылдары бірнеше рет қайталанады. Осындай бір ірі апаттың мысалы ретінде Зонд бұғазында (Индонезия архипелагы) орналасқан Кракатау вулканын айтуға болады. Бұл апат екі жүз жыл үзілістен кейін барып қайталанған (27 тамыз 1883 ж.) ірі оқиғалардың бірі болды.

Жанартаудың атқылауы бірнеше айға созылады. Вулкандық қопарылыс кезінде Кракатау аралыныд үш-тен екі (2/3) бөлігі (ауданы 75 шаршы км шамасында) жарылысқа ұшырап, оның орнында тереңдігі 300 метр-лік теңіз шығанағы пайда болды. Вулкан атқылау кезінде бөлініп шыққан күл аумағы 800 000 шаршы км ауданды алып жатты. Бұл жағдай Зонд бұғазында кемелердің жүзуіне де кедергі жасады.

Вулкандық қопарылыс кезінде пайда болған ауа толқындары Джакарта қаласына орасан зор зардабын тигізеді. Бұған қосымша, қопарылысқа байланысты мұхиттарда (Үнді, Тынық және Атлантика мұхиттары) пайда болған алып толқындар (цунамдар) 37 мыңға жуық адамның өмірін өзімен ала кетті.

Жанартау атқылау кезінде естілген гуіл Сингапур мен Австралия жеріне дейін жеткен. Осы оқиғадан кейін тынышталған Кракатау вулканы 1930 жылы қайтадан жандана бастайды. Онын, бұдан былайғы уақытта қашан және қалай басталатындырын болжап айту өте қиын.

Вулкандық әрекеттердің қарқындылығы лавалардын, химиялық құрамына, температурасына және газ күйіндегі ұшпалы компоненттердің мөлшеріне тығыз байланысты.

Негіздік магманың құрамында газ күйіндегі заттар аз болады. Соған байланысты олар сұйық болып, вулкан атқылау барысында, жер бетіне кедергісіз оңай тасып төгіледі. Қышқыл магма қою болғандықтан баяу жылжып, вулкан көмекейінің аузын жауып қалады.

Вулкандық атқылаудың түрлері

а — гаваялық; б — стромболиандық; в — везувиандық; г — пелелік; 1 — қатайған лава; 2 — балқыран лава; 3 — газ бен күлдің бұлттары; 4 — күл мен бомбылар; 5 — күлдің қара бұлттары; 6 — “шыжып тұрған” (палящая) бұлттар; 7 —тұтқыр лаваның бағанасы (обелискі).

Сонымен бірге олардың құрамында ұшпалы газдар көп болғандықтан, вулкан атқылау әрекеті қопарылыс тү-рінде байқалып, атмосфера қабатына көп мөлшерде қатты күйдегі кесек бөлшектер лақтырылады.

Сонымен жанартаулар лавалық, аралас және газды-қопарылыс туғызатын вулкандар болып үш топқа ажыратылады. Олардың әрқайсысы вулкандардың бірнеше түрлерін біріктіреді (VI. 38-сурет).

Лавалық немесе эффузивтік топқа жататын вулкандар лавалардың оп-оңай кедергісіз тасып төгілуімен сипатталады. (Мысалы, Исландия жерінде байқалатын лавалық вулкандар мен Гаваялық вулкандар.)

Вулкандық таулар (жанартаулар) қазіргі кездерде де пайда болады. Мысалы, Мексика жерінде 1943 жылы егін даласында (жүгері арасында) Парикутин атты вулкан пайда болып, 10 жыл шамасында вулкан атқылау әрекеттері байқалады. Бірінші жылы 350 м-лік вулкандық конус құралып, үш жылдан соң оның биіктігі 580 м-ге дейін жетеді. Бұл вулканның бір кездегі Танситаро атты (ескі) сөнген вулканның етегінде құралғандығы белгілі болды. Bулкандар түрлері Жер бетіндегі вулкандар құрлықтық және су асты вулкандары болып бөлінеді. Құрлықтық вулкандар әдетте тектоникалық ірі және терең жарықтардың бойында мұхит жағалаулары мен аралдық дөғалар тізбегін бойлай орналасады. Ал су асты вулкандары мұхит түбінде және мұхиторталық жоталарда кездеседі. Кейде вулкандық атқылау кезінде (лавалардың өте көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты) вулкандық аралдар пайда болады (Гавай аралдары).