нобай| Синусит — бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы. Ол көбінесе құлаққа, тамаққа инфекция түсуден, қатты салқын тиюден болады.
Белгілері Тіс сырқырап ауырады. Көздің асты мен үстіңгі бөлігінің ауыруы (бет сүйегін, соққанда немесе еңкейгенде ауыру күшейе түседі). Мұрыннан қою сілекей және ірің ағады, жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Мұрын жиі бітеді. Кейде ыстық көтеріледі.
Емдеу жолдары Суды көбірек ішіңіз. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорыңыз немесе бумен дем алыңыз. Бетке ыстық компресс қойыңыз. Мұрынға фенолефрин түріндегі деконгестанттар тамызыңыз. Антибиотиктер қабылдаңыз: тетрациклин , ампициллин немесе пенициллин. Егер жағдай жақсармаса, дәрігерге барыңыз.
Алдын алу Салқын тиген және мұрын біткен кезде мұрынды тазартыңыз.
Дереккөздер
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!
Санат:Алғашқы көмек Санат:Медицина