thumb|right|350px|Одилон Редон: Күлегеш өрмекші. 1881. Символизм (Symbolism) — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы аралығында Еуропада әдебиет пен өнерде өріс алған өте ықпалды шығармашылық ағымы. Символизм объктивтілікті тастап, субъективтілікке талпынады, нақты шындықты тіке бейнелегенге қарағанда оны ұқсамаған тұрғыдан тоғыспалы бейнелеуге тырысады, көп мағыналылыққа мән береді, күрделі де терең символдар арқылы түрлі идеялар мен ұстанымдарды аңғартуға тырысады.
Символизм діни мистика мен ауытқыған жыныстық құштарлықтарды өзара ұштастырып, әуелгі "түпнұсқаға" әуестенеді, күрделі де сиқырлы декадантты сарындарға бой ұрады. Олар көркемөнердің қоғамдық-әлеуметтік функциясын мансұқтады, көркемөнерді қоғамдық құралға айналдыруға айыптау жасады, адам болмысының қаһармандық даралығын жақтады, әлеуметтік мәселелерден бой тартып, жекелік ішкі рухани мән-мағынаға назар аударды.
Этимологиясы Символизм термині латынның символум (symbolum) сөзінің тамырсөзі "символ" сөзінен басталады, сенім символы, мән беру, қайта анықтау деген секілді көп түрлі күрделі мағынада қолданылған. Бұл латындық жүктеме мағына ежелгі грек сөзі символонге (σύμβολον - symbolon) қосылған. Оның түпнұсқа мағынасы: бір нәрсені таңбалап, сосын оны екі бөлікке бөліп, сосын соны ұқсамаған тараптардың сенімділігінің кепілі еткен. Міне сол бөлшектенген зат символон деп аталады. Ежелгі Грекияда Символон бейбітшілік пен өзара достық белгісі ретінде қолданған. Әдетте, қыш тақтаның бетіне таңба ойылып, сосын оны бөлшектеп, сосын оны екі жақ сенімділік кепілі ретінде сақтаған және қажет кезде көрсетіп, келісім мен қағиданың кепілі еткен.
Белең алуы thumb|right|200px|Хуго Симберг, Ауру періште Символизм эстетикасының алғашқы лебі 19 ғасырдың 60 — 70-жылдарында П.Верлен, С.Малларме, А.Рембо, т.б. шығармаларында көрініс тапты. Символистер теориялық түп қазығын немістің әйгілі волюнтарист философтары А.Шопенгауэр, Э.Гартман, Фридрих Ницше еңбектерінен алды. Өкілдері Бұл мәдени шығармашылық қозғалысының өкілдері Франциялық Одилон Редон, Гюстав Моро және Пюви де Шаванн, Австриялық Густав Климт, Бельгиялық Фернан Кнопф, Нидерландық Ян Тороп.
Қазақ әдебиетіндегі символизм өкілдері Қазақ әдебиетінде символизм дәстүрінің арғы негізі ежелгі Қорқыт ата туралы ертегі-аңыздардан бастау алатыны сөзсіз. Арнайы ағым ретінде ол қазақ әдебиетінде кең өріс алмағанымен, 20 ғасырдың алғашқы ширегінде М.Жұмабаев, Б.Күлеев, С.Дөнентаев және т.б. қаламгерлер шығармаларында символизм лебі айқын байқалды“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8.
Негізі және ерекшелігі Натурализм, реализм және импрессионизм бағыты нақты шындықтың нәзік бөлегіне дейін назар аударған тұста, француз символистері оларға қарсы тәуекел жасады. Символизм рухани шабытқа ден қойды, қиял қуатына барынша ерік берді, түс секілді түйсіктерді өз шығармаларында көрсетуге тырысты. Олардың сюжеті мифология, мистика және фантастикамен астаса отырып, адамның ішкі жан әлеміне, көңіл күй әуеніне, сезім иіріміне шомып, сондағы аңғарымдарды символды пошым, сызық және рең арқылы жарқ еткізіп көрсетуге талпынды. Символистер, мысалы Жорис Карл Гюисманс алғашында табиғаттанушы болғанымен кейін символизм бағытына ауысты. Бұл оның діни және шабыттық мағынадағы түйсінуін көрсетті.
Әдебиет саласындағы символизм thumb|right|200px|Шарль Бодлер Әдебиет саласында символизм Шарль Бодлердің әйгілі «Сұрқия гүл» өлеңдер кітабынан бастау алады.Pratt, William. The Imagist Poem, Modern Poetry in Miniature (Story Line Press, 1963, expanded 2001). ISBN 1-58654-009-2 Стефан Малларме және Пол Верлэйн ХІХ ғасырдың 60–70 жылдарында символизмдік эстетиканы паш етеді. ХІХ ғасырдың 80 жылдарына келгенде символизм көптеген талантты жазушыларды баурап алды және олардың қаламының ерекшелігіне айналды. Бодлер және Эдгар Аллан По секілді ғажайып жазушылардың шығармалары сол дәуірдің риторикасы мен образының үлгісіне айналды. "Ажал деген қонақүй ғой, ақысы ерте төленген." (Шарль Бодлер: «Сұрқия гүл»)
Бейнелеу өнері саласындағы символизм Әдебиет саласына салыстырғанда, бейнелеу өнері саласындағы символизм қозғалысы гетелескен және қараңғы романтизмнің қосымша туындысы болды. Дегенмен романтизм біршама жалаң, агрессивті болса, символизм байсалды, иманшыл болды. Өнер саласында Г.Моро, О.Редон, П.Гоген, А.Беклин, Э.К. Берн-Джонс, М.К. Чюрленис, М.А. Врубель сынды қылқалам шеберлері символистік бағытта көркем туындылар жасады. Негізгі туындылар
Символизм қозғалысының ұраны Символистердің түсіндіруі бойынша, мүлдем арғы ақиқаттарды ашып айту үшін өнер атаулы міндетті түрде жанама, астарлы амалдарды қолдануға тиіс. Ақиқат ешқашан тіке күйде айтылмайды. Сондықтан олар астарлау мен дарытпалап бейнелеу, емексітіп айту секілді әдеби шығармашылық амалын кең пайдаланып белгілі бір көрініске, не затқа символдық мағына берді.
Жан Мореас (Jean Moréas) 1886 жылы Символизм декларациясын жариялады. Мореас ""жалаң суреттеуге, сөзқуарлыққа салынуға, даңғаза сезімге бой алдыруға, қалпын құрғатпай айтуға" қарсы тұрды. Оның айтуынша символизм мақсаты бойынша "ойдағы ұғымдарды сезінуге болатын пішіндермен әрлеу керек", "пішін мен кескін мақсат емес, мақсат ойдағы ұғымдарды айту", "мұндай өнерде табиғи тіке күзету, гуманизм қозғалысы, басқа да дұнияуи істердің еш мағынасы жоқ, олар тек көкейдегі тылсым әрі түпнұсқа алғашқы ұғымдарға тұтастыратын көпір ғана" деп есептеді.Jean Moreas, Le Manifeste du Symbolisme, Le Figaro, 1886
Символизм сыңғырыЖеңісхан Мұқатай: "Символизм сыңғыры" http://www.kultegin.com/kaz/forum.php?mod=viewthread&tid=16289 Символизм (нышаншылдық) модернизм әдебиеті тарихында ең бұрын дүниеге келген, ықпалы өте зор әдебиет ағымы. Ол 19-шы ғасырдың 50-ші жылдарында францияда қалыптасқан. «Символизм» деген атау 1886-шы жылы ортаға қойлған. Францияда отырақтасып қалған Грекиялық жас ақын Жан Мореас Парижде шығатын «Фигаро» гәзетінің 1886-шы жылғы 15-ші тамыздағы санында «әдебиет жарнамасын» жарялап, сол кезде символдық тәсілмен өлең жазып жүрген ақындарды «символистер» деп атауды дәріптеген.
«Символ» деген сөздің грек тіліндегі мағынасы "бір тақтайды (немесе бір көзені) ортасынан екіге бөліп, отағасы мен қонақ бір паршадан алып, қайта кездескенде екеуін жұптастыру арқылы достықты беинелеуін" көрсетеді екен. Бұл сөз кейін келе «мәлім бір пішін мен ұғымның дағдылы өкілі» дегенге сайған. Яғни ол әрқандай ой-пікір немесе заттың өкіліне баланып, белгілі ой-пікір мен заттың таңбасы, яки заттық орнына жүретін белгі «символ» деп аталған.
Модернизм әдебиетін зерттеушілердің көбі символизмның ағым ретінде қалыптасуын франция ақыны Шарль Бодлердің (1821–1867) 1857-ші жылы басылым көрген «Сұрқя гүл» атты өлеңдер жинағымен байланыстырады. Жөні бар пікір. Ақынның жинақтағы өлеңдері ромәнтизмдік бояу мен классизмдік пішінге аздап қоңсы қонып жатқанмен, сорғалап тұрған заманалық рухпен суарылған. Зайырында «сұрқя гүлдер» мейлі бейнелеу тәсілі жақтан, мейлі мазмұндық жақтан, мейлі пішіндік жақтан, мейлі құрылымдық жақтан алсаңыз да тек Франция поэзясы тарихындағы ғана емес, әлем поэзясы тарихындағы жаңа құбылыс. Бодлердің ізін баса Франция символизм поэзясына Стефан Малларме (1842–1898) , Пауел Уерлан (1844–1896) , Артур Римбо (1854–1891) сияқты талантты ақындар келеді. Міне осылайша алғашқы символизм ағымы қалыптасады. Оқырман қауым, әсіресе өлең сүйер жастар Бодлерге табынып, оның «адамзаттың сұрқялығын қазбалаған» талантына тамсанып, өлеңдерін құмарта оқиды.
19-шы ғасырдың ақырына келгенде Мореастың 1891-ші жылы символизммен ат кекілін кесісіп, байырғы Грек, Рим әдебиеті дәстүрін қалпына келтіруді дәріптеуімен؛ өте-мөте, Малларме, Уерлән, Римболардың арт-артынан дүние сәлуымен؛ басқа да көптеген символизмші ақындардың тың жол іздеп, символизімнен жери бастауымен алғашқы символизм өз құзарынан құлдырап кетеді.
Десе де ол франция қоғамына терең тамыр тартқандықтан, С. Малларме, А. Римбо сияқты айтулы ақындардың әсерімен 19-шы ғасырдың соңында францияны көктей өтіп, батыс Еуропа мен Солтүстік Америка құрлығындағы елдерге таралып, бірқыдру талантты ақындарды бесігінде тербетеді. Олар 20-шы ғасырдың 20-шы жылдарында дүниеге келген кейінгі символизмның серкелеріне айналады. Кейінгі символизм франция, Англия, Америка, Россия, Италия, Испания, Латын Америкасы және шалғай шығыс сынды мемлекеттер мен өңірлерде өркен жайып, төрткіл дүниені дүбірлеткен ең ықпалды әдебиет ағымының біріне айналды.
Модернизм әдебиетін зерттеген бірсыпыра әдебиеттанушылар 19-шы ғасырдың соңынан бұрынғы символизм әдебиетін Бодлерден бұрынғы өркен дәуірі, Бодлер дәуірі және Малларме, Уерлен, Римболар өкілдігіндегі алғашқы символизм деп үш басқышқа бөледі. Бұл пікірмен келісу қиын. Символизм әдебиетінің өркен дәуірін басынан өткере келіп, дербес ағым ретінде қалыптасқаны шындық. Бірақ Бодлер алғашқы символизмның өкілі және шұқшия іздесеңіз романтизм мен классизмнің бейнелеу тәсілі жақтағы кейбір белгілері Малларме, Уерлан, Римболардың өлеңдерінен де табылады. Үңілсеңіз әдебиет тарихында «таза» ағым деген атімен жоқ нәрсе. Құдды модернизмшілердің барлығы жабылып реализмге қарсы шыққанмен, сол реализмнен қашып құтыла алмайтыны секілді, алғашқы символизм де, тіпті кейінгі символизм де реализмнен, романтизмнен, эстетизмнен, классизмнен т.б қашып құтыла алмайды. Әдебиетте мазмұндық, пішіндік жақтан белгілі жаңалық ашты деген күннің өзінде, өзінен бұрынғы ағымдардың бейнелеу тәсіліндегі кейбір ебдейлі мүмкіндіктерді саналы-санасыз түрде жаңғыртып ала жүреді.
Әлбетте, символизмның өркені арыда жатыр. Оны тек франция әдебиетінен ғана емес, тұтас Еуропа әдебиетінен, шығыс әдебиетінен, діннен, философиядан іздеу керек. Айталық, символизмның өркені алтын орда дәуірінің әдебиетінен (м: Рабғузи шығармаларынан) , қазақ халық ауыз әдебиетінен (м: өтірік өлеңдерден) де табылады. Бұл өз алдына ұзақ әңгіме... бейне Абайдың өзінен кейінгі ақын-жазушыларға зор ықпал көрсеткені секілді, франция ақыны Алойсис Бертрән (1807–1841) мен Америка ақыны, жазушыысы Эдгар Аллан По (1809–1849) Бодлерге де зор ықпал көрсетті. Былайша айтқанда, ол екеуінің символизмның дербес ағым ретінде қалыптасып, Бодлердің өзіндік биік белеске көтерілуінде елеулі үлестері бар. Бертраннің қарасөз өлеңдеріне Бодлер ғана емес, Малларме, Уерлан, Римбо, Метерлинк сияқтылардың бәрі де қатты қызыққан. Бодлердің «Сұрқия гүл» жинағындағы «Париж қасіреті» атты қарасөз өлеңі оның "Түндегі адам" атты қарасөз өлеңдер жинағының әсерімен жазылған. Малларме Бертранды мақтай келіп: "оның өлеңдерінен бәрі де тбылады" десе, Уерлән оны "менің ұстазым" деп көкке көтеріп, өмірбақи құрметтеген. Аллан Поның өлеңдері, теориялық шығармалары, әңгімелері Бодлерді бек тебіренткен. Оның рухтың ажарланған, әрленген сұлулығын дәріптеп؛ уағызшылыққа қарсы тұрып, пішін сұлулығын, ишаратты және музикалықты қуаттауы؛ әңгімелеріндегі "күлкіні оғаштыққа көтеру, қорқынышты үрейге дамыту, парасатты келекеге кеңейту, кереметті бөгделікке және тылсымдыққа құбылу" тәрізді көзқарастары Бодлер өлеңдерінің маңызды теориялық тірегіне айналған. Сол үшін де Бодлер Аллан Поның шығармаларын француз тіліне аударуды жалықпай табаны күректей 17 жыл жалғастырған.