Лигурий теңізі (, , , ) — Жерорта теңізінің Корсика және Эльба аралдары, Франция және Италия жағалары аралығындағы бөлігі. Аумағы 15 мың км². Тереңдігі 2546 м. Толысуы — жарты тәуліктік (0,3 м). Жағалауы ірі курортты аудан (Ривьера). Ірі порттары — Генуя, Ливорно, Специя (Италия), Ницца (Франция).

Санат:Италия географиясы Санат:Франция географиясы Санат:Жерорта теңізі теңіздері Санат:Лигурий теңізі Санат:Монако географиясы