Павлодар облыстық драма театры – 1938 – 1948 жылдар аралығында Павлодар қаласында жұмыс істеген қазақ драма ұжымы.
Н.Мәкішевтің ұйымдастыруымен драм. ұжым негізінде құрылды. 1945 жылы осы труппаның негізінде біріккен облыстық қазақ-орыс драма театры болып қайта ұйымдасты. 1948 жылдан театрдың орыс труппасы (қазіргі Павлодар облыстық орыс драма театры) ғана жұмыс істеді; ал қазақ труппасы облыстық ұжымшар театрына айналып, Павлодар облысының Ақсу қаласына қоныс аударды. Қойылған спектакльдер Театрдың қазақ труппасы М.Әуезовтің “Қара Қыпшақ Қобыланды”; Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” мен “Қыз Жібек”; К.М. Симоновтың “Орыс адамдары”, т.б. спектакльдерін қойды.
Театрда қызмет еткендер Әр жылдары театрда Біссміллә Балабеков; Х.Хамзин; А.Шәкіров; Х.Шалқаров; А.Қалиев; К.Тайкенов; Х.Бекова; Е.Есжанов; І.Әбдікәрімов; А.Бекешев; Г.Салахова; С.Досалина; А.Тарғақов; К.Хамзина; К.Әмінов; Ш.Төлегенов; К.Әбділғазин, т.б. қызмет етті.Қазақ энциклопедиясы, 7 томҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Сыртқы сілтемелер Павлодар картасы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театрлары Санат:Павлодар облысы