Хромды қорытпалар — құрамында никель, титан, ванадий, т.б. элементтер болатын хромның ыстыққа төзімді қорытпалары. Төзімділік қасиеті жағынан хромды қорытпалар жоғары температурада (1100 — 1200°C) темір-никель қорытпалары мен қиын балқитын металл (ниобий, молибден, вольфрам) қорытпаларының аралығында жатады. Хромды тот баспайтын болаттың құрамында көміртектің мөлшері жоғарылаған сайын жегідеге қарсыласуы төмендей түседі.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Құрамында 12% хром бар хромды тот баспайтын болатта полиморфты түрлену жүреді. Жоғары хромды тот баспайтын болаттың (17 — 30% хромы бар) жегідеге қарсыласуы жоғары болады. Жоғары хромды болаттың қышқылға және ыстыққа төзімділігі жоғары. Хромды қорытпаларды газды және сұйық жегі ортада пайдалануға болады. Хромды қорытпалар машина жасау, мұнай және мұнай-химия өнеркәсібінде тот баспайтын хромды болат ретінде кеңінен қолданылады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Қорытпалар