Матақ даласы – Қарқаралы тауларының солтүстік-батысындағы жазық өңір. Батысы Нұра өзенінің аңғарымен, шығысы Жарлы өзенінің төменгі аңғарымен, солтүстігі – Шадырадыр, Қарағанды, оңтүстігі Жуантөбе (746 м), Егізқызыл тауларымен шектеседі.

Жер бедері Батыстан шығысқа қарай 50 км-ге , солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 км-ге созылып жатыр. Жалпы ауданы 1500 км2. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 600 – 650 м. Жер бедері негізінен жазық.

Климаты Климаты континеттік. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда –16°С, шілдеде 19°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350 мм. Орта тұсынан шығыстан батысқа қарай Нұраның оң саласы – Матақ, оңтүстіктен солтүстікке қарай Қараөзек өзендері ағады.

Өсімдігі Далалық сортаң, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында қызғылт селеу, қылқан селеу, көк шұнақ бетеге, австрия жусаны, қараған, тобылғы, өзен жағаларында қамыс өседі. Жерінің көпшілік бөлігі егін шаруашылығына пайдаланылуға қолайлы."Қазақ Энциклопедиясы", 6 томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қазақстан далалары Санат:Қарағанды облысы географиясы