Киров бөгені — Жайық алабындағы бөген.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Бәйтерек аудандары жерінде, Көшім өзені бойында орналасқан. 1967 жылы шабындық және мал жайылымын суландыру мақсатында іске қосылған.
Гидрологиялық сипаты Ауданы 39,1 км², ұзындығы 21,6 км, ені 4 км, орташа тереңдігі 1,6 м, көлемі 62,9 млн. м3. Су жиналатын алабы 190 мың км². Киров бөгені суымен 36,4 мың га шабындық көлдетіліп, 6,4 мың га жер тұрақты суғарылады және 260,0 мың га жайылым суландырылады.Қазақ энциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы гидрографиясы