Керулен (, ) — Моңғолия мен Қытай мемлекеттері аумағымен ағатын өзен. Ұзындығы 1264 км (1090 км-і Моңғолияда), алабы 116,4 мың км². Хэнтэй жотасының оңт.-шығыс беткейінен басталып, Далайнор көліне құяды. Жоғарғы жағында тар аңғармен (кейде шатқалмен) ағады. Арнасы аралдарға, көптеген қара суларға бөлінген. Булануға және жер суаруға байланысты су деңгейі біртіндеп төмендеп барады. Қарашадан сәуірге дейін қатады (көп жерінде түбіне дейін). Балыққа (таймень, сазан, жайын, т.б.) бай. Жағасында Чойбалсан қ. (МХР) орналасқан.Қазақ энциклопедиясы

500px|thumb|Керулен арқылы көпір (1972 жыл)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Керулен

Санат:Моңғолия өзендері