Стратоизогипстер – кез келген геологиялық денелердің (қабат, горизонт, желі, интрузия) беттерін қосатын тең абсолютті немесе салыстырмалы сызықтар. Кейде оларды жер астының (қабаттардың) горизонтальдары деп атайды. Стратоизогипстердің теңіз деңгейінен жоғарғыларын “+”, ал төменгілерін “–” таңбаларымен белгілейді. С. картада жер астындағы геол. денелер беттерінің рельефін бейнелейді және кентас денелерінің көлемін есептеуде қолданылады. Стратоизогипстер құрылымдық карталарды жасауға пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы Пайдаланған сілтеме
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Стратоизогипстер · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.